Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жеке куәліктерін қашан онлайн ауыстыра алады — Цифрлық даму министрі жауап берді

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жеке куәлікті ауыстыру сәуір айының соңына дейін онлайн форматқа ауыстырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

куәлік

Фото: Stan.kz

Оның айтуынша, мамандар азаматтың фотосы сәйкес екенін бағалайтын ЖИ моделін сәтті сынақтан өткізді. Болашақта азаматтарға жеке куәлік алу үшін тек eGove платформасында сәйкестендіруден өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасау және құжаттың дайындығы туралы SMS күту қажет болады.

"2024 жылы ХҚКО операторлары 15,2 млн қызмет көрсетті. Бұл ретте өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол картасын әзірледік.

Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбек мигранттарына рұқсат беру қызметтері.

Келесі кезекте тіркеу қызметтері: көлік, жылжымайтын мүлік, жерге қатысты құжаттар көшіріледі. Мақсатымыз – жыл соңына дейін халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту", — деді министр.

Талқылау