Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияның күшін жою немесе кейінге қалдыру туралы петиция жарияланды

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларациялаудың III және IV кезеңін алып тастау туралы петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

ePetition порталында жалпыға бірдей декларациялаудың III және IV кезеңін алып тастау туралы петиция пайда болды. Петицияға 57 адам қол қойған. Құжат авторының айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары елдегі барлық банк қаражатының қайда кетіп жатқанын біледі. Сондықтан жалпыға бірдей декларациялауға еш негіз жоқ екенін айтады.

“Кірісінің жартысын азық-түлікке жұмсап, қарызға белшеден батқан халыққа декларациялаудың не қажеті бар? Еліміздің заңнамасында көптеген сәйкессіздіктер мен кемшіліктер бар. Мысалы, қазақстандықтардың шетелдік жылжымайтын мүліктері туралы мәліметтерді жинау ұйымдастырылмаған. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің өздері де жалпыға бірдей декларациялау туралы заңның тармақтарын әртүрлі түсіндіреді”, – делінген құжатта.

Петиция авторы Қазақстанда бюджетті толықтырудың басқа да көздері бар деп санайды. Атап айтқанда, салықтан босатылған қазақстандық биржалардағы бағалы қағаздардан түсетін кіріс.

Қазақстандықтар мұндай жеңілдік қазақ қоғамына ешқандай пайда әкелмейтінін айтады.

Талқылау