Қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы миллиондаған қаржысы америкалық пиццериялар желісіне инвестицияланған

Қазақстандықтардың зейнетақы қаражатының америкалық Domino’s Pizza пиццериялар желісіне инвестицияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа қатысты Халық банкіне қарасты Halyk Finance еншілес ұйымы ресми түрде жауап берді.
“Шын мәнінде, "Halyk Finance” АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері портфеліне америкалық Domino’s Pizza компаниясының акциялары сатып алынды. 2025 жылғы 5 желтоқсан бойынша олардың көлемі 306,76 млн теңгені құрайды. Бұл сатып алудың мақсаты – акциялардың қымбаттауынан және дивидендтерден инвестициялық табыс алу”, – деп хабарлады ұйым.
Зейнетақы жинақтарына сатып алынған үйді қайта сатуға тыйым салынбайды
Halyk Finance өкілдерінің айтуынша, бұл мәміле зейнетақы активтерін басқару жөніндегі олардың міндеттері аясында жасалған және толықтай инвестициялық стратегияға сәйкес келеді.
“Қазір портфель құрылымында шетелдік эмитенттердің акциялары мен үлестік құралдарға арналған ETF үлесі 50% рұқсат етілген лимиттің ішінде 12%-ды құрайды. Ал DPZ акцияларының үлесі Halyk Finance басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің шамамен 0,6%-ын құрайды. Осылайша, бұл мәміле – зейнетақы жинақтары портфелінің қажет әртараптандырылуын қамтамасыз етуге бағытталған стандартты операциялық қадам. Аталған эмитентке қатысты DPZ акцияларын сатып алу бағасы бір акция үшін 407,89 АҚШ долларын құрады, ал 2025 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша DPZ акцияларының құны 427,07 АҚШ доллары. Халықаралық инвестициялық үйлердің консенсус-болжамына сәйкес, эмитент акцияларының 12 айға арналған мақсатты бағасы бір акция үшін 491,70 АҚШ долларын құрайды, бұл сатып алу бағасынан 20,5% өсімге сәйкес келеді”, – деп мәлімдеді Halyk Finance.
Еске салсақ, Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын 80%-ына дейін шетелдік активтерге инвестициялай алады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды