Қазақстандықтар "Тринька" онлайн құмар ойын өткізді: Ұйымдастырушылардан 93 миллион теңге, үй мен автокөлік тәркіленді

Шымкентте заңсыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамның әрекеті тоқтатылып, олар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдіктілер екі жыл бойы TikTok пен YouTube-тегі “TauBrat” парақшасы арқылы заңсыз “Тринька” ойынын тікелей эфирде өткізген. Қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастыру үшін олар “дроптар” арқылы банк карталарын ашып, қаражатты қолма-қол алмастырған.
“Жалпы қылмыстық табыс 93 миллион теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған”, – деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігі.
- Астанада өзін британиялық қор ретінде таныстырған "S-Group" пирамидасы әшкереленді
- Жетісу облысында Мәдениет үйін жөндеу кезінде 212 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"