Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тойдан түскен ақша мен сыйлықтарды декларациялауға міндетті

Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова BIZDIÑ ORTA подкасында тойда сыйлыққа алған ақшаны да декларацияда көрсету керегін және қандай жағдайда мобильді аударымдарды декларациялаудың қажеті жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Рexels.com

Дина Құсайынова қазақстандықтардың тойдан сыйлыққа түскен ақшаны декларациядан көрсетуге міндетті екенін айтты.

“Егер қаражатты сыйлаған адам декларацияда қаражаттың сыйлық екені көрсетіп, ақшаны алған адам декларацияда қаражаттың қайдан келгенін көрсетпесе сәйкессіздік болады. Сондықтан заңға сәйкес, олар ақшаны табыс ретінде көрсетіп, егер сыйлық тегін, қайтарымсыз негіззде берілсе, түзету жасау керек. Бұл жағдайда жеке табыс салығы есептелмейді. Бірақ декларацияда қомақты сомаларды көрсету қажет”, – дейді мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.

Сондай-ақ ол қайтарымсыз сыйлық бар және қайырымдылық барын айтты. Оның сөзінше, қазір “қайырымдылықпен айналыстық” дейтін блогерлердің қарасы көп. Оның да өз заңы бар дейді ол.

“Қайырымдылықпен айналысатындардың қоры бар. Олар құзырлы органдарға есеп беруге міндетті. Есебі болса, салықты табыстан ала беруге болады деген сөз. Егер сіз қайырымдылықпен айналысатын блогер болсаңыз, есепте кімге көмектескеніңіз, қанша ақша жиналғаны көрсетілуі керек”, – дейді Дина Құсайынова.

Отбасы мүшелері арасындағы мобильді аударымдар

“Отбасы мүшелерінің бір-біріне жасаған мобильді аударымдары декларацияда көрсетілмейді. Мобильді адарымдар адамдардың жеке қажеттілігіне арналған. Мен де үнемі ұлыма ақша жіберіп тұрамын. Мұны декларациялаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл жеке табыс салығы салынатын табыс. Бұл менің ұлымның табысы болып есептелмейді. Себебі ал ақша жеке қажеттілікке жұмсалды. Егер маған 3 ай бойы 100 түрлі адамнан ақша аударылған жағдайда ғана мобильді аударымдарға назар аударылады. Бұл қандай да бір қызмет түрі көрсетіледі немесе бір тауар сатылып жатыр деген сөз. Қазақтарда 100 түрлі адамнан той жасағанда ғана ақша түсуі мүмкін. Онда да, бір айда ғана”, – дейді Дина Құсайынова.

Оның айтуынша, кәсіпке байланысты жасалған сыйлықтар да декларацияда көрсетілуі керек.

“Блогерлер арасында бартер деген ұғым бар. Мысалы, сіз заңды тұлға ретінде маған – жеке тұлғаға көйлек сыйладыңіз делік. Сіз өзіңіздің салық есебіңізде мұны атап өтесіз. Келісімшартқа байланысты, бірде сіз жеке табыс салығын ұстап қалдым дейсіз. Бірде сіз маған белгілі бір сомада көйлек сыйлағаныңыз туралы айтасыз. Маған сыйлаған көйлекті мен өз салық есебімде жазып, оны өз табысым ретінде көрсетуім керек. Егер сіз жеке табыс салығын ұстап қалмасаңыз, оны мен ұстап қалуым керек. Сондықтан әр жағдайды жеке-жеке қарастыру қажет. Тойдан түскен қаражат бөлек, сыйланған көйлек бөлек есептеледі. Өйткені мұнда кәсіптік мақсат бар. Заңды тұлға өз брендін жарнамалағаны үшін жеке тұлғаға сыйлық жасап отыр. Ондай сыйлықтар декларациялану керек”, – дейді мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.

Айтуынша, осыдан 15-16 жыл бұрын сыйлыққа алған Gucci брендінің сөмке де декларацияға енгізіледі.

Бұған дейін Дина Құсайынова үйін ойнатып, 1,2 миллиард теңге табыс тапқан блогердің ізіне түскен еді. 

Талқылау