Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 43 250 теңгеге сатып алған нөмірлерді сыйға тартып, сата алмайды

Қазақстандықтар өзіне ұнаған _әдемі_ нөмірлерді сыйға тартып, сата алмайды

Фото: gov.kz

Қазақстанда 10 АЕК, яғни 43 250 теңгеге сатып алған нөмірлерге қатысты бірқатар шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді қазақстандықтар өзіне ұнаған қымбат нөмірлерді сыйға тартып немесе сата алмайды.

“Таңдап алынған мемлекеттік нөмірді иесі тек ата-анасына, баласына, не ресми некедегі жұбайының ғана атына ауыстыра алады”, – дейді Ішкі істер министрлігі.

Айта кетсек, көлік болмаса да “әдемі” нөмірге өтінім беруге болады. Оны сақтау мерзімі шектелмейді. Құзырлы органның дерегінше, қазірге дейін таңдалған нөмірлерге жалпы 123 мыңнан астам адам өтініш келіп түскен. Ең жоғары сұраныс Алматы қаласында.

“Таңдап алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін пайдалану тек оның иесіне ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ заңнамада мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін белгіленген тәртіппен иесінің жақын туыстарына бере алады. Несиеге алған көліктерге нөмір алу кезінде көлік құралының иесі кепілде тұрған банктен тіркеу куәлігін немесе мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін ауыстыру туралы рұқсат құжатын ұсынуы қажет”, – дейді Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 09:00