Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар несие алу үшін биометриялық деректерін тапсыруға міндеттеледі

Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарынан несие алу кезінде биометриялық деректерін тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) несие беру кезінде толық биометриялық сәйкестендіру жүргізуге міндеттейтін қаулы қабылдады.

"Қаулыда биометриялық деректерді пайдалану және қорғау қағидаттары, бет бейнесі бойынша биометриялық идентификаттау өткізу тәртібі, идентификаттау деректерін алу және бейненің дұрыстығын тексеру рәсімдері, идентификаттау деректерін беру кезінде байланыс арналарын шифрлауды қамтамасыз ету бойынша талаптар, сондай-ақ биометриялық идентификаттаудың бүкіл процесін құжаттау тәртібі белгіленеді”, – делінген агенттік хабарламасында.


Қазақстанда енді несие мөлшері табысынан асып кеткендерге қарыз берілмейді


Жаңа ереже банктер мен микроқаржы ұйымдары интернет арқылы онлайн несиелер мен микрокредиттер берген кезде қолданылады.

"Бұл нормалар қаржы ұйымдарын халыққа кредиттер беру кезінде, оның ішінде фотосуреттерді немесе алдын ала жазылған бейнероликтерді пайдаланудан қорғай отырып, толыққанды биометриялық идентификаттау өткізуге міндеттейді. Биометриялық идентификаттау өткізу нәтижелері ресми түрде құжатталады, бұл оларға кредиттер ресімделген жағдайда, азаматтарды қосымша қорғауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың телефон нөмірін сатып алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өтетіні туралы жазған едік.

Талқылау