Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қанша күн демалады
Фото: Pixabay.com
2025 жылдың маусымында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дін өкілдерінің ұсынысы негізінде бұл күнді демалыс етіп бекітті.
Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:
Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады. Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.
Осылайша қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекесіне орай қосымша демалыс күндерін пайдалана алады.
Құрбан айт күні – құрбандық шалу рәсімін жасау, намаз оқу үшін мешіттерге бару, мұқтаж жандарға көмек көрсету, құрбандық етінің бір бөлігін кедейлерге тарату дәстүрі бар мереке. Сондай-ақ бұл күні адамдар отбасыларымен бірге жиналып, туған-туыстарына, достарына барып, қамқорлық пен мейірім көрсетеді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
