Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады
Биыл қыркүйек жексенбіден басталады. Қазақстандықтар, оның ішінде оқушылар мен студенттер 9 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күздің алғашқы айында 21 жұмыс күні, тоғыз демалыс күні болады. Қыркүйек айында мереке болмайды. Сондықтан күнделікті жұмысқа, жаңа оқу жылына дайындалуға кеңес береміз.
Айтпақшы, биыл алғашқы қоңырау демалыс күніне түсіп отыр. Дегенмен Білім күніне арналған салтанатты жиын бірінші және он бірінші сыныптар арасында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі жаңа мереке қосылды. 16 тамызда жаңа үкімет қаулысы пайда болғанын жазған едік. Жаңа мереке күндері: Ұлттық баспа күні – 2 ақпан және Радио күні – 1 қазан.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"