Қазақстандықтар қаңтарда неше күн демалады
2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар мереке мен демалыс күндері 13 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жылдың соңғы күні – 31 желтоқсан жұмаға түсіп тұр. Бұл – жұмыс күні.
2022 жылдың қаңтарында 10 демалыс және 3 мереке күні бар. 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды атап өтеді. Мерекелер сенбі және жексенбіге түсетіндіктен, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.
Рождество мерекесі – 7 қаңтар жұмаға түсіп тұр. Бұл күні қазақстандықтар демалады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер келер жылдың қаңтарында 13 күн демалады (1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 15, 16, 22, 23, 29, 30 қаңтар), аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады (1, 2, 3, 7, 9, 16, 23, 30 қаңтар).
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"