Қазақстандықтар Egov-та заң жобаларына қатысты ұсыныс енгізуге мүмкіндік алды
Egov порталында "Жоба" деген арнайы батырма арқылы "Ашық НҚА"-дағы заң жобалары бойынша ұсыныс жіберуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, "Жоба" батырмасы порталда жарияланған нормативтік-құқықтық актінің статусын көрсетіп тұрады.
Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, бұл бастама цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп атқарылды.
"Бұған дейін "Ашық НҚА" порталында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жарияланған түзетулерде жылдамдық режимін асырғаны үшін айыппұл мөлшерін ұлғайту ұсынылған. Алайда қоғам тарапынан осы мәселе халық арасында тиісті деңгейде талқыланбады деген сын-ескертпелер айтылды. Осыған байланысты порталға жаңа батырма енгізіліп отыр", - дейді Уәли.
Талқылау
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді
Әйелі – бухгалтер, ал күйеуі – қасапшы болып, бұрындары жұмыс істеген
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады
Заңгер тұрғын үйдегі ақауларды мүмкіндігінше ертерек құжат жүзінде тіркеудің маңызын атап өтті