Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар депозит ашпай-ақ банктерден пайыз ала алады

Қазақстандықтар депозит ашпай-ақ банктерден пайыз ала алады

Фото: depositphotos.com

Мәжіліс депутаттардың қаржылық қызметтерді жақсартуға бағытталған түзетулерін қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжіліс “Банктер және банк қызметі туралы” заңды және оған қоса қаржы нарығын реттеу мен дамытуға енгізілген түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Түзетулер банктердің Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына пайыз есептеуіне рұқсат береді.


Бір банктен екінші банкке ақша аударғанда ұсталатын комиссия құны өспек


Банктер қазақстандықтардың шоттары мен несиелері туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер комитетіне береді


Егер түзетулер сенат тарапынан мақұлданып, мемлекет басшысы қол қойса, Қазақстан азаматтары банктерден тек депозиттер бойынша ғана емес, сонымен қатар кәдімгі шоттары бойынша да пайыз ала алады. Жылына 1% шегі белгіленді.

Депутаттар бұл шара қолма-қол ақшасыз жинақтардың тартымдылығын арттыратынын және банктер арасындағы бәсекелестікті ынталандыратынын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін барлық банктерге арналған бірыңғай QR-код және бір уақытта бірнеше жедел несиені рәсімдеуге тыйым салынатынын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 20:00
Талқылау