Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Дархан Жүнісбековпен қоштасты

Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтың денесі бүгін сағат 11:00-де жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылықтар марқұмды жерлеу рәсіміне Кеңсай-2 зиратына жиналды. Дархан Жүнісбеков Батырхан Шүкенов және басқа да танымал тұлғалардың жанына мұсылман дәстүрімен жерленді. Рәсім барысында молда құран оқып, марқұмды еске алды.

©Zakon.kz

Қазақстандық музыканттың қазасы оның жанкүйерлері мен туған-туыстарына ауыр тиді. 

"Õzen" медиа-компаниясының негізін қалаушы Айзатулла Хусейн Дарханның өмірде де, жұмыста да өте сезімтал жан болғанын айтты. Дархан қысқа ғұмырында артына үлкен мұра қалдырды.

©Zakon.kz

“Дархан бақытты жан еді, артына өшпес үлкен мұра қалдырды. Бір кездері достарына өз шығармашылығынан бөліп берген туындыларды қазір жинап жатырмыз. Дарханның аяқталмаған дүниелері жалғасын табады. Көп достары үшін Дархан туғанындай болды. Басқа шығармашылық адамдар сияқты оның да жаны нәзік, сезімтал еді. Ол ән жазуға келгенде үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Мен оның артында қалған мұрасына тоқталғым келеді. Соңғы материалды ол өзінің продюсері Әділетпен бірге жазған болатын”, – дейді Айзатулла Хусейн.

Бұған дейін "Õzen” лейблы Дарханның аяқталмаған альбомын шығаратынын жазған болатынбыз. Альбомның авторлық құқығы мен одан түскен қаржы әншінің ұлы Әди мен қызы Айданаға берілмек.

24 ақпан күні Darkhan Juzz лақап атымен танымал отандық әнші Дархан Жүнісбеков Таиландта көз жұмған болатын. Марқұмның денесі 27 ақпан күні елге жеткізілді.

Талқылау