Таиландта көз жұмған әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті ертең Алматыға жеткізіледі
Ертең Алматыға Таиландта жол апатынан көз жұмған әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ертең Алматыға марқұмның мәйіті Air Astana әуе компаниясының ұшағымен жеткізіледі. Барлық шығынды аталған компания өзіне алды. Ақша жинауға қатысты түсінік берген жөн болар, продюсердің айтуынша, бүгінге дейін жиналған барлық қаражат қайтыс болған отандасымыздың туыстарына беріледі", - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 24 ақпан күні Таиландта Darkhan Juzz сахналық атымен белгілі отандық әнші Дархан Жүнісбеков өмірден өткені белгілі болды.
Сол күні жанкүйерлері Алматыда оны еске алды.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"