2025 жылы Қазақстан халқының саны қаншаға көбейгені белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы бір жылда қазақстандықтардың саны көбейгенін мәлімдеді. Бюро әр өңірдегі нақтыланған мәліметтерді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 286 084 адам тұрады. Бір жылда қазақстандықтардың саны 252 242 адамға өсті.
Қала халқының саны 12 774 743 адам болса, ауылдық жерлерде 7 511 341 адам тұрады.
Халық тығыз орналасқан облыстарға келсек, олардың қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы бар. Қала мен облыста сәйкесінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.
Соңғы мәліметтер бойынша, ел астанасында 1 528 887 адам тұрады. Қазақстанның үшінші қаласы Шымкентте 1 256 263 адам тұрады.
Қазақстан халқының саны 2024 жылғы 1 желтоқсанда 20 265 320 адам болды, оның ішінде:
қала тұрғындары – 12 751 309 адам;
ауыл тұрғындары – 7 514 011 адам.
2026 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Кімді табыс күтіп тұр, кімдерге үйленуге қолайлы
Жылжымайтын мүлік рәсімдеуде мұқият болып, үлкен заттар сатып алуға асықпаңыз
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі
Саясаттанушылар биыл ел саясатындағы болған өзгерістерге тоқталды