Қазақстандықтар биылғы тоғыз айда 11,1 трлн теңгеге транзакция жүргізген
2022 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы 66,4 трлн теңге сомасына 5,4 млн транзакция жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 3,0 трлн теңге сомасына 246,1 мың транзакция жүргізілді.
“2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18 банк және "Қазпошта" АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 62,7 млн бірлік болды. Оның ішінде 2022 жылғы қыркүйекте төлем карточкаларының 50,6%-ы (31,7 млн төлем карточкасы) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды”, – делінген ресми хабарламада.
Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2022 жылғы қыркүйекте 11,1 трлн теңге сомасына 810,9 млн транзакция жүргізілді (2022 жылғы тамызбен салыстырғанда транзакциялар саны 0,1%-ға ұлғайды, сомасы – 2,7%-ға азайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 97,5% (790,5 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 84,1% (9,3 трлн теңге) болды.
2022 жылғы қыркүйекте халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 100,6 млрд теңге сомасына 0,24 млн аударым болды. 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда ақша аударымдарының саны мен көлемі тиісінше 24,6%-ға және 10,8%-ға азайды. Қазақстаннан тыс жерлерге жіберілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен транзакциялардың жалпы санының 93,5%-ы (0,23 млн транзакция) және жалпы сомасының 93,4%-ы (94,0 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аудару жүйелері арқылы жалпы санының 6,5%-ы (0,02 млн транзакция) және жалпы сомасының 6,6%-ы (6,6 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 70,6 млрд теңге сомасына 0,16 млн транзакция алынды.
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді
