Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар BI Group компаниясының Бурабайда ұйымдастырған мерекелік кешін сынға алды

BI group Бурабайдағы мерекелік кешіВидеодан скрин

Қазақстандықтар BI Group құрылыс компаниясының 30 жылдығына орай Бурабайда ұйымдастырылған мерекелік кешін сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолдануышылары 5 мың қызметкер, көл жағалауындағы құрылған үлкен сахна, британдық әнші John Newman-ның концерті және орман үстінде ұшқан тікұшақтың қатуымен өткен кештің көлеміне наразылық білдірді. Сонымен қатар бұл шараның табиғатқа зияны да талқыға түсті, себебі мереке "Бурабай" ұлттық паркінде, заңмен ерекше қорғалатын аумақта өткізілген.

Пікір қалдырушылар кешті ұйымдастыруға жұмсалған қаржыға компанияның мұқтаж қызметкерлеріне пәтер сатып алуға болар еді деген пікірде.


"Экологиялық қылмыс": Жанжалдан кейін BI Group Қарағандыдағы тұрғын үй құрылысын тоқтатты

Неге Бурабайдағы демалыс Дубайдан қымбат – Туризм министрлігі қазақстандықтардың шағымына жауап берді


Сондай-ақ желіде қызметкерлерді кешке қатыспағандарға 256 мың теңге айыппұл салынады деп қорқытып, кешке баруға мәжбүрлеген деген де ақпарат тарады. 

"BI Group компаниясы осындай корпоративтік мерекелердің барлық шығындарын өз мойнына алады. Қызметкерлер қатысу, трансфер, тамақтану және басқа да шығындар үшін ақша төлемейді. Сонымен қатар BI Group-тың 30 жылдығына орай 5 000 қызметкерге естелік сыйлықтар берілді. Мерекеден кейін 150 гектар аумақты тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. "Бурабай" ұлттық табиғи паркінің туристік аймақтарында абаттандыру жүргізіліп, жаңа инфрақұрылым құрылды. Біз 100 құс ұясы, 50 орындық, қоқыс жәшіктерін орнатып, барлық туристерге 12 демалыс күркесін сыйға беріп, тағы 10-ын жаңарттық", – делінген компания жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін BI Group компаниясы корпоративке қатыспағаны үшін қызметкерлерінің жалақысын ұстап қалмақ болғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 20:27
Талқылау