Қазақстандықтар байланыс операторы тарифтерінің бағасы көтерілгенін мәлімдеді
Қазақстандықтар Beeline байланыс операторынан үйдегі интернет тарифтерінің айтарлықтай көтерілетіні туралы хабарлама алған. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жағдайды зерттейтіндерін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, тарифтердің көтерілуінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес екені зерттелуге тиіс.
"КаР-Тел" ЖШС-ден 2025 жылдың ақпан айынан бастап интернет бағасының өзгеруі туралы келіп түскен шағымдарға байланысты заңнамада белгіленген тәртіппен оператордан тиісті ақпарат сұралды. Енді оның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес екені зерттеледі”, – делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес, нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталса, Агенттік монополияға қарсы қажет шараларды қабылдайды.
"Кәсіпкерлік кодекстің 216-бабына (Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер) сай, монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру нәтижесі бойынша шешім қабылдайды. Тергеу деп заң бұзушылықтарды растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді жинауға бағытталған шаралар", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 159-бабына (Монополистік қызмет) сай, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері және монополиялық жоғары бағаларды белгілеу мен ұстап тұру арқылы өздерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы айыппұл салуға әкеп соғады.
Ірі кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн монополиялық қызмет нәтижесiнде алынған кiрiстер бiр жылдан аспайтын мерзiмге тәркіленеді. Сондай-ақ монополиялық қызмет нәтижесiнде алынған табыстың бес пайызын құрайды.
Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл елімізде ұялы байланыс тарифтерінің өсетінін мәлімдеген еді.