Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар арасында қандай смартфон танымал – Сарапшылар жауап берді

Қазақстандықтар арасында қандай смартфондар танымал әрі қолжетімді екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

GlobalStats мәліметтері бойынша, 2024 жылдың қарашасында Қазақстандағы ең танымал ұялы телефон бренді Apple компаниясының нарықтағы үлесі 38,7% болды. Екінші орында Samsung (22,6%), ал Xiaomi үшінші орында (16,6%). Oppo төртінші орынға тұрақтап (5,3%), Vivo үздік бестікті (4%) түйіндеді.  

Дәл осындай брендтер әлемдік рейтингте көш бастап тұрды. Бірақ олардың үлесі басқаша бөлінді: Apple – 27,7%, Samsung – 23,3%, Xiaomi – 11,1%, Vivo – 6%, Oppo – 5,7%.

Фото: Energyprom

Business Insider сарапшылары iPhone 16-ны осы жылы сатып алуға болатын ең жақсы телефон деп таныды. Сарапшылар бұл модельді өнімділік тепе-теңдігі, камера сапасы мен сенімділігі, батареяның қызмет ету мерзімі және баға бойынша қолдау көрсетілетін экожүйенің арқасында жоғары бағалады.

Android санатында Samsung Galaxy S24 көшбасшы болды. Ал iPhone 14 үздік бюджеттік iPhone деп аталды. Google Pixel 8a бюджеттік Android смартфон мәртебесін алды. 

iPhone 16 Pro ең жақсы камерасы бар телефон атанды. Сонымен қатар жалпы рейтингте көш бастады. iPhone 16 Pro Max батареяның қызмет ету мерзімін ерекшелендірсе, Google Pixel 9 Pro Fold ең жақсы жиналмалы смартфон деп аталды. Сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы нашар премиум телефонды табу мүмкін емес.

Фото: Energyprom

Ендеше ең жақсы деп танылған "apple" смартфонының құнына тоқталсақ. 

Android Authority мәліметтері бойынша, 2024 жылдың қыркүйегінде ең арзан iPhone 16 Қытайда сатып алынды. Құны 842 доллар (445 мың теңгеге жуық).

Бағасы ең төмен елдердің бестігіне Жапония (877 доллар), АҚШ (879 доллар), Гонконг (885 доллар) және Таиланд (889 доллар) кіреді.

Ал iPhone 16 ең қымбат сатылған ел Түркия. Ол шамамен 1,9 мың долларға (1 миллион теңгеден аса) бағаланған. Қымбат баға Бразилияда да тіркелген, яғни 1 400 доллар (740 мың теңгеге жуық).

Қазақстанда 2025 жылдың 12 қаңтарындағы жағдай бойынша көптеген танымал дүкендерде iPhone 16 құны 609 990 теңге болған. Бұл шамамен 1,1 мың долларға тең. 

Фото: Energyprom

Қазақстандағы баға динамикасына тоқталсақ. 2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша телефон және факс жабдықтары жалпы алғанда бір жылда 13,4% қымбаттаған. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында байқалды. Ол өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 24,7%-ға тең.

Одан кейін Қызылорда (23,7%), Атырау (23,5%), Қостанай (21,9%) және Түркістан (21,5%) облыстары. Жылдық бағаның ең төменгі өсімі Абай облысында тіркелді: 2,6%. 

Ал кейбір аймақтарда секторда бағаның төмендеуі байқалды. Мәселен, Астанада баға 10,7%, Маңғыстау облысында 8,7%, Батыс Қазақстанда 4,4% арзандады.

Фото: Energyprom

Талқылау