Қазақстандықтардың жартысына жуығы 5 жылға жетпей ажырасып жатыр
Елде ажырасып жатқан жастардың саны азаймай тұр. 2024 жылы Қазақстанда 40,6 мың ажырасу тіркелсе, оның 43%-ының некесі бес жылға жетпей бұзылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ru.freepik.com
">Data Hub Telegram арнаcының мәліметінше, бұл көрсеткіштің ішінде 3,3 мың жұп некелескеннен кейін алғашқы жылы-ақ ажырасқан, ал тағы 14,2 мың отбасы бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта айырылысып кеткен.
Мұндай қысқа мерзімді некелердің үлесі ажырасулар санының ішінде кейінгі 14 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 2023 жылмен салыстырғанда өсім бір пайыздық тармақ болса, алдыңғы онжылдықтың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 38% артқан.
“2024 жылы ажырасу деңгейі (1000 адамға шаққандағы ажырасулар саны) 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткішке – 2,01-ге жетті. 2023 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріс жоқ (ол кезде 2,02 болған), бірақ кейінгі он жылдың орташа деңгейімен (2,77) салыстырғанда айтарлықтай төмендегені байқалады”, – делінген хабарламада.
Сенатор отбасыдағы зорлық-зомбылықты жастардың "тұрмыстық өмірге дайын болмауымен" байланыстырды
Статистикаға сенсек, көптеген қазақстандықтар бойдақ болып ұзақ жүрмейді. Кейінгі үш жылда әр бесінші ер адам пен әр бесінші әйел бұрын некеде болған.
Бұған дейін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын ажырасқандарды түрмеге жабуға бұйрық берген еді.