Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Спортты дамыту дирекция

Қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатында 6 алтын жүлде иеленіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді. А тобында сынға түскен Әділбек Мусин мен София Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден алтын алса, Ксения Игнатова мен Диана Тасжанова 200 метрге шалқалай жүзуден алтын мен күміс жүлдеге ие болды. Ал В тобында сынға түскен Егор Попов 200 метрге шалқалай жүзуден алтын иеленсе, София Абубакирова мен Максим Сказобцов 50 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуден алтыннан алқа тақты.  Арсен Қожахметов 200 метрге брасс әдісімен жүзуден, Даниил Черепанов 100 м еркін стилде жүзу бойынша қола жүлде жеңіп алды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдемен Жапониядан кейін командалық есепте екінші орында тұр. Сондай-ақ қазақстандық жүзгіштер Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.

Талқылау