Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық журналистер Тоқаевтың атынан пәтер алды

перзидент журналистерге птер берді

Фото: daraqory.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай "Дара" президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиаұйымдарының қызметкерлеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан пәтерге сертификаттар табыстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл бастама – азаматтарды қолдауға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.

Салтанатты рәсім барысында Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Президенттің тапсырмасымен бұл шара үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл – Мемлекет басшысының отандық БАҚ қызметкерлерін үнемі қолдайтынын көрсетеді", – деді Руслан Желдібай.

Биыл тек журналистер ғана емес, сонымен қатар режиссерлер, операторлар, корректорлар, дубляж редакторлары, дыбыс режиссерлері, қоюшылар және сапалы контент әзірлеумен айналысатын өзге де мамандарға да баспана бұйырды.

"Әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді: баспана алушылар тізімінде көпбалалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар бар. Әріптестерімнің жетістігіне шын жүректен қуаныштымын, баршаңызды шын жүректен құттықтаймын", – деді ол.

Тұрғын үй сертификаттарын "Qazaqstan" телерадиокорпорациясы, "Хабар" агенттігі, Qazcontent, "Қазақ газеттері", "ЕВРАЗИЯ+ОРТ", Atameken Business медиахолдингі, Tengrinews және басқа да БАҚ өкілдері алды.

“Мемлекет басшысының бастамаларының бірі – БАҚ өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету – "Дара" қорының тұрақты қолдауымен сәтті жүзеге асырылуда. "Қоғамға оң әсер етіп, халықтың әл-ауқатын жақсартатын жобаларды жүзеге асыру – біз үшін басты құндылықтардың бірі болып қала береді”, – деп атап өтті "Дара" қорының басшысы Мұхамедқали Тауан.

Айта кетйік, 2023 жылы өтеусіз беру шартымен бес мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралының 65 қызметкері пәтер алды.

 

Айым Болатқызы
Сенбі, 28 Маусым, 2025 14:56
Талқылау