Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас каратешілер Жапониядағы әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық жас каратешілер Жапонияда өткен World Sobaki Challenge турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фукуокада өткен Enshin Karate бойынша әлем чемпионаты — World Sobaki Challenge жарысында қазақстандық жас спортшылар тамаша нәтиже көрсетіп, көптеген марапаттарға ие болды. Жапондық Enshin каратесінің отанында өткен маңызды турнирдің нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз: 

Әлем чемпиондары: Дима Коровченко, Еркокше Жумагазыұлы, Жания Бақытжан

Күміс жүлдегерлер: Алексей Колычев, Амина Раббани, Ерасыл Тастеміров, Жамиля Асхатқызы

Ең үздік техника үшін марапат: Шұғыла Бауыржанқызы, Дариға Нұралинова

Айта кетейік, бұл чемпионатқа Жапония, АҚШ, Ресей, Австралия, Сауд Арабиясы, Польша, Швеция, Чили, Швейцария, Қазақстан, Оңтүстік Корея сияқты елдер қатысты.

Талқылау