Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерФото: life4me.plus

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші ұсыну ережелеріне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес келер жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар өздерінің мүгедектігі бар жұбайларына жеке көмекші бола алады.

Сонымен қатар бірінші топтағы мүгедектігі бар адам мен оның жеке көмекшісі бір елді мекенде тұруы міндетті болады.

Айта кетейік, Қазақстанда мүгедектік белгілеу рәсімін жеңілдету мақсатында пилоттық жоба іске қосылған еді. Ол аяқ-қолдың болмауы, Дауын синдромы және балалардағы мукополисахаридоз диагноздарына қатысты жағдайларды қамтиды.


Қазақстанда мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлерге шабуыл жасағандарға да жауапкершілік күшейтілмек


Ақмола облысында әлеуметтік қызметкер зейнеткердің ақшасын ұрлады деген күдікке ілінді


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мүгедектікті анықтау тәртібі жеңілдейтінін жазған едік. Енді мүгедектік алу үшін адамның өзі комиссияға барып әуре болмайды. Арнайы тәуелсіз дәрігер-сарапшылар құжаттарды қашықтан, яғни сырттай қарайды. Жаңа тәсіл арқылы адамдар мен сарапшылар арасында тікелей байланыс болмайды, яғни пара беру сияқты жағдайлар азаяды. Мүгедектік белгіленсе, қажетті төлемдер мен көмек автоматты түрде тағайындалады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 11:18
Талқылау
`