Қазақстандық ұшақтарда енді интернет пайда болады

Биыл қазақстандықтар алғаш рет отандық әуе тасымалдаушының ұшағында интернетті пайдалана бастайды. Ақпаратты Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, елде байланыс инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр және жобалардың басым бөлігі жақын уақытта аяқталады. Нәтижесінде ел азаматтары интернетті тек жерде емес, әуеде де пайдалана алады.
“Сонымен қатар 1900 ауыл талшықты-оптикалық байланысқа қосылады. Келер жылы мұндай ауылдардың үлесі 90% асады. Барлық республикалық жол байланыс инфрақұрылымымен қамтылады. Сіздің тапсырмаңыз бойынша былтыр желтоқсанда барлық өткізу бекеті интернетпен қамтамасыз етілді. Алғаш рет азаматтар отандық әуе тасымалдаушының бортында интернетті пайдалана бастайды”, – деді Мәдиев.
Интернет сондай-ақ “ҚТЖ” жолаушылар тасымалының негізгі бағыттарында қолжетімді болмақ.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Министрдің сөзінше, бұл цифрлық инфрақұрылым азаматтардың қажеттілігін өтеумен қатар, Қазақстанның өңірлік цифрлық байланыстылықты қамтамасыз етудегі көшбасшылық рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.
“Ел аумағында салынатын 9 спутниктік станция арқылы интернет көрші елдерге де қолжетімді болады. Биыл Тәжікстанды қосу жоспарланып отыр, кейін Моңғолия мен Қырғызстан. Каспий өңірінде Өзбекстан да инфрақұрылымға қосылуға қызығушылық танытып отыр”, – деп түйіндеді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ұшақтар мен әуе бағыттары көбейгені хабарланған еді.
"БЖЗҚ тығырыққа тірелді": Неге Қазақстанның зейнеткерлері кедей?