Қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Қазақстандық жұп жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/4 финалына өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының волейболшылары Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппиннің Санта-Роса қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті. Бұл кезеңде біздің спортшылар Индонезия жұбына қарсы ойнады. Кездесу Қазақстан құрамасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Осылайша, Яковлев пен Богату Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін отандастарымыз жұп топтық кезеңнен сәтті өтті. Отандастарымыз Жапонияға есе жібергенімен, Таиланд пен Аустралия командаларынан басым түскен еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

