Қазақстандық туристік компанияларға Таяу Шығыс елдеріне тур сатпау ұсынылды

Қазақстанның туризм және спорт министрлігі әуе кеңістігіне қойылған шектеулер мен аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты туристік компанияларға уақытша Таяу Шығыс елдеріне тур ұйымдастырмауды және сатпауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан азаматтарына да соғыс қимылдары тоқтап, жағдай қалыпқа келгенге дейін Таяу Шығыс аймағына сапарға бармау ұсынылады.
“Туристік Қамқор” мәліметіне сәйкес, 28 ақпаннан бастап Иран, Израиль, БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн, Кувейт, Иордания және Оман бағыттары бойынша туркод беру уақытша тоқтатылған. Шектеулер жағдай тұрақталғанға және туристер үшін қауіпсіздік расталғанға дейін қолданылады.
Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатты
Таяу Шығыстағы жағдай теңге бағамына әсер ете ме: Ұлттық банк төрағасы жауап берді
Аймақтағы Қазақстанның дипломатиялық мекемелері күшейтілген режимге ауыстырылып, азаматтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқаны хабарланды. Сонымен қатар шиеленіс аймақтарынан азаматтарды шығаруға арналған шаралар мен бағыттар қарастырылуда.
Сондай-ақ 28 ақпаннан кейін Таяу Шығыс елдеріне шығатын туристерге кепілдік жүйесі қолданылмайды. Туристерге жоспарланған турлардан бас тарту немесе ауыстыру мәселелері бойынша туристік агенттіктерге хабарласу ұсынылды.
Еске салсақ, бұған дейін Біріккен Араб Әмірлігінде қалып қойған қазақстандықтар рейстің бір апта кешіккенін айтып шағымданған еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды