Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық трансгендер: Мен президентке хат жазамын (видео)

Айя есімді трансгендер өзін қорқытқандарға жауап берді. Өзінің ер азамат қалпына қайта оралмайтынын айтқан ол президенттен көмек сұрауға дайын. 

Айя есімді трансгендер Оңтүстік Қазақстан өңірінің тумасы. Бала күнінде зорлыққа түскен жігіт көкірегін өсіріп қызға айналды. Тек жынысын өзгертпеген. Бұған өзіне жасалған зорлық себеп болғанын айтты. 

Бағдарламаға шыққан қызтеке өмірбаянын айтты. Алайда өзін айыптағандар, қорқытып-үркітетіндер пайда болған. Оларға жауабын айтты.

"Мені көріп отырғандарға айтарым, сыныптастарым, нағашыларым, туыстарым, басқа да адамдарға айтарым, мені қорқытудың керегі жоқ. Мен қалай өмір сүргім келеді, солай өмір сүрем. Сіздердің сөздеріңіз, қорқытуларыңыз керек емес. Керек болса, ЛГБТ-ның адамдарына айтып соттатып жіберемін. Мені жайыма қалдырыңдар. Хат жазып, хабарласып жатқандар, үйге келіп ұрып кететіндер өз жөндеріңмен кетіңдер. Нағашыларымның шашымды қырқып, ұрып кеткені жетеді. Зорлап кеткені жетеді", - деді ол.

Айя тағы да араша сұрап экранға шығуға, президентке хат жазуға дайын. 

"Мен тағы да теледидарға шығамын. Тағы да президентке хат жазамын. Мен бұлайша жай қалдыра салмаймын. Менен аулақ жүріңдер. Маған қиын кезде ешкім көмектескен жоқ. Мен қиналғанда қайда болды бәрі", - деді трансгендер. 

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындады. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған дейді. Алайда қазіргі қыз өмірі өзіне ұнайтын көрінеді. 

Талқылау