Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Францияның Брест қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ATP

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Михаил Кукушкин Францияның Брест қаласында өтіп жатқан ATP Челленджер турнирін жеңістен бастады. Алғашқы айналымда Кукушкин Литва өкілі Эдас Бутвиластан басым түсті. Матч нәтижесі 6:4, 4:6, 7:6. Енді ол келесі айналымда франциялық Грегуа Баррер мен испаниялық Карлос Табернер арасындағы жұптың жеңімпазымен жолығады.

Айта кетейік, Михаил Кукушкин бұған дейін Қытайдағы турнирде өнер көрсетіп, алғашқы айналымда жеңіліп қалған еді.  

Талқылау