Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайда өтіп жатқан АТP 250 турнирінің финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ktf.kz

Дүниежүзілік рейтингіде 218-орында тұрған Бейбіт Бейбіт Жұқаев Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады. Қазақстандық спортшы іріктеудің бірінші кезеңінде испаниялық Моро Каньясқа қарсы ойнап, 1 сағат 40 минутқа созылған кездесуде 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді отандасымыз турнирдің негізгі ойынына жолдама алу үшін аргентиналық Августин Гомеске (174 ATP) қарсы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Жұқаев АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің жартылай финалына дейін жеткен еді. 

 

 

Талқылау