Қазақстандық тағы бір журналиске шабуыл жасалды
Алматыда журналист Данияр Молдабековке медициналық бетперде киген белгісіз біреулер шабуыл жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ашық дереккөз
Данияр Молдабеков болған оқиғаны facebook парақшасына жазды. Көп ұзамай полиция түсініктеме берді.
“Оқиға туралы хабарлама 102 пультіне 22 ақпан күні сағат 10:37-де түсті. Факт Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркелді”, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі оқиғаны министрлік бақылауда ұстайтынын айтты.
“Әріптесіміз Данияр Молдабековтің бәймәлім кісілер тарапынан соққыға жығылғаны жөнінде жазған постын оқыдым. Бұл оқиғаны айыптаймыз және тиісті құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, кінәлілер тез табылады деп сенеміз. Өз тарапымыздан бақылауда ұстаймыз”, - деді министр.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"