Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір клуб жекенің қолына өтеді

футболФото:Aj collage

Қазақстандық тағы бір клуб жекенің қолына өтуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Amanvibe телеграм-каналының ақпаратына сәйкес "Атырау" футбол клубын "Ақ-руно" компаниясының иесі Алимбек Мұқанов сатып алмақ. Егер мәміле толық жүзеге асса, "Атырау" ҚПЛ-дегі алтыншы жекеменшік клуб болады.

Өткен маусымда "Атырау" ҚПЛ-де 11-орын алып, турнирлік кестенің төменгі бөлігінде болса да, жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалды.


Қазақстандық футболшы Еуропада дебют жасады


 

Ғалымжан Кенжебек “Ахмат” сапындағы алғашқы голын соқты

 

Айта кетейік, бұдан өзге Астаналық "Жеңіс" клубын Kaspi.kz компаниясының басшысы Михаил Ломтадзе сатып алды. "Шахтер" клубының жаңа иесі – кәсіпкер Тимур Турлов. Петропавлдың "Қызылжар" командасы Сергей Канға тиесілі болды. Ал "Ақтөбенің" жаңа басшысы – Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі Нұрлан Артықбаев. Қызылордалық "Қайсар" клубын 30 қазаннан бастап ресми түрде "TAU Group LTD" компаниясының басшысы Исламғали Қозыбақов басқармақ.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 20 Қаңтар, 2026 01:41