Қазақстандық студент Италияда көлік астына түсіп мерт болды – БАҚ
Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі L ' occhio di Salerno италиялық басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 17 қаңтарда кешке орын алды. 20 жастағы Меркато Сан-Северино тұрғыны сұр Peugeot 308 көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінде Салерно университетінің 27 жастағы докторантура студентін қағып кетті.
Жүргізуші дереу тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Қызыл Крест фельдшерлері мен Humanitas дәрігерлері қыздың көз жұмғанын айтты. Кейінірек жігіт алкогольге тест тапсырды, ол теріс нәтиже көрсетті.
Қыздың аты Әсем Жарбосын екені белгілі болды.
Қайғылы ЖКО тергеумен полиция қызметкерлері айналысады. Станислао Листа көшесінде қозғалыс тоқтатылды.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді