Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады

Фото: FISU

Германияда өткен 2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы жалпы есебі 11 жүлде жеңіп алып, медальдар кестесінде 37-орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшыларымыз жарыс нәтижесінде бір алтын және он қола медальға қол жеткізді.

Жалғыз алтын медальды таеквондошы Самирхон Абабакиров иеленді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының жүлдегерлері қатарында таеквондошылар Тамирлан Тілеулес, Дамир Шуленов, Батырхан Төлеуғали, Нодира Ахмедова, Бейбарыс Қаблан, сондай-ақ таеквондодан аралас және әйелдер құрамалары бар. Дзюдошылар Нұрқанат Серікбаев пен Аман Бақытжан, көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы да қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Германияда өткен байрақты бәсекеде медаль саны бойынша Жапония көш бастады. Бұл елдің спортшылары 34 алтын, 21 күміс және 24 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орын алды. Екінші орында — Қытай (30-27-17), үшінші орында — АҚШ (28-27-29). Ал Қазақстан құрамасы 37-орынды иеленді.

Жазғы Универсиада-2025 медаль кестесіндегі үздік ондық:

  1. Жапония — 34 алтын, 21 күміс, 24 қола (79)

  2. Қытай — 30-27-17 (74)

  3. АҚШ — 28-27-29 (84)

  4. Оңтүстік Корея — 21-9-27 (57)

  5. Италия — 14-10-19 (43)

  6. Германия — 11-12-17 (40)

  7. ОАР — 6-5-8 (19)

  8. Түркия — 6-5-7 (18)

  9. Тайвань — 5-13-7 (25)

  10. Польша — 5-11-8 (24)

  1. Қазақстан — 1 алтын, 0 күміс, 10 қола (11 медаль)

ТМД елдерінің көрсеткіші:

  1. Өзбекстан — 4 алтын, 4 күміс, 7 қола (15)

  2. Украина — 4-3-5 (12)

  1. Литва — 3-0-4 (7)
  1. Әзербайжан — 2-2-0 (4)
  1. Молдова — 2-0-0 (2)
  1. Грузия — 1-3-1 (5)
  1. Қазақстан — 1-0-10 (11)

Бұл жарысқа Ресей мен Беларусь құрамалары қатыстырылмады. Ал Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения елдерінің спортшылары турнирді жүлдесіз аяқтады.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 16:19
Талқылау
`