Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар марапаттау рәсімінде түркиялық спортшымен туды ұстау үшін жанжалдасып қалды 

Түркияның Анталья қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар туды ұстау үшін жанжалдасып қалды. Дау марапаттау рәсімінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап. 

ту

Әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар Дана Асанова мен Диана Тюкова 50 келіге дейінгі салмақта үшінші және екінші орынды жеңіп алған. Тұғырға шыққан соң спортшылар көк туды ұстаған. Ал бірінші орынды түркиялық Чаглаян Деря Джерен жеңген. Алайда спортшылар өз елдерінің туы жақсырақ көрінуі үшін жанжалдасып қалды. 

Оқиғаға қатысты Қазақстанның армрестлингтен құрамасының бас жаттықтырушысы Марат Асайынов пікір білдірді.

"Қыздардың жасы 16-да, бұл олардың алғашқы ірі жарысы болды, сондықтан қобалжыды. Жаттықтырушыларға әр жүлдегердің жеке тумен шығуы керегі айтылды. Алайда қыздар бір тумен шығып, екі жағын ұстап тұрған. Мұндай енді, әрине, қайталанбайды. Жанкүйерлер және өзге де азаматтардың алдында кешірім сұраймыз. Әрі бұл жағдай Қазақстан мен Түркия спортшыларының достығына еш әсер етпейді", – деді ол. 

Талқылау