Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен Bahrain International Series 2024 турнирінде тамаша нәтиже көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирде Қазақстанның қос өкілі Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұп категориясында жеңіcке жетті. Дмитрий Панарин жекелей сында қола жүлде иегері атанды.
2024 жылғы Бахрейн II халықаралық сериясы кезінде Дмитрий Панарин 6 кездесу өткізіп, қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар дуэтте Айша Жұмабекпен 4 кездесу өткізіп, алтын жүлдені жеңіп алды.
Финалда қазақстандық жұп Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек үндістандық Кона Тарун және Шри Кришна Прия Кударавалли жұбымен кездесті. Панарин мен Жұмабек 21-18, 21-15 есебімен жеңіске жетіп, аралас жұп категориясында алтыннан алқа тағынды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанғаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды
