Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясында қамауға алынды: Ата-анасы баласын құтқаруға көмектесуді сұрайды

спортшы шетелде ұсталдыФото: За нами уже выехали арнасынан

Сергей Веселовтың әкесінің айтуынша, ұлы 19 маусым күні Астанадан Ыстамбұлға демалысқа ұшып кеткен. Бір апта бойы байланыста болғанымен, кейіннен хабарсыз кеткен. Іздеуді бастаған әкесі оның Мединеде екенін анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алайда туыстары оның не себепті Сауд Арабиясына барғанын білмейді. 

"Қазір ұлымның тірі екенін білдік. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірақ қай жерде қамауда отырғанын және қандай бап бойынша айып тағылғанын бізге айтпай отыр. Консул уақыт керек дейді. Ұлым Сауд Арабиясында, Мединеде", – деді Сергейдің әкесі.

Қазақстандықтың Сауд Арабиясында ұсталғанын сыртқы істер министрлігі растады.

"Құқық қорғау органдары ұстаған. Қазір Мединеде. Әзірге ресми айып тағылған жоқ. Жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз", – деп хабарлады министрлік.

Қазір Веселовтар отбасы ұлына адвокат пен аудармашы жалдау үшін қаржылай көмек қажет екенін айтып, қазақстандықтардан қолдау сұрайды.

Қаржылай қолдау көрсету реквизиттері:

Kaspi Gold: 4400 4300 6655 8872

ForteBank: 5177 9200 1393 1279

Байланыс нөмірлері:

+7 771 203 3534 – Евгений Веселов (әкесі)

+7 777 543 1823 – Ирина Веселова (анасы)

Айта кетейік, 19 жастағы Сергей Веселов Шығыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері.


Қазақстандық қыз Камбоджада қонақүйде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады


ҚБТУ студенті Космостанция маңында із-түзсіз жоғалып кетті: Оны таба алмай жатқанына алтыншы күн болды


Еске салайық, бұған дейін ақша табу үшін Таиландқа кеткен төрт қазақстандық адам саудасымен айналысқан топтардың құрбаны болды. Олар Мьянмада алаяқтық байланыс орталықтарында жұмыс істеуге мәжбүр болған. Қазақстандықтардан басқа, Өзбекстанның екі азаматы және Қырғызстаннан сегіз адам осындай жағдайға тап болған. Дипломаттардың көмегімен барлық зардап шеккендерді үйге қайтаруға мүмкіндік туды.

 

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 09:58
Талқылау