Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында топ жарды

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Кристина Шумекова алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жерлесіміз 500 метр қашықтықта 38,48 секунд уақыт көрсеткішін тіркеп, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ отандасымыз өзінің жеке рекортын жаңартты.
Айтулы додада күміс медаль канадалық Джулия Снелгровуе (38,78) бұйырды. Ал үздік үштікті Польша елінің өкілі Виктория Дабровскаға (38,96) түйіндеді.
Бұл қашықтықта сынға түскен өзге отандастарымыз Анастасия Беловодова 12-орын иеленсе, Варвара Глухова 13-орынға жайғасты.
Ал Алина Шумекова 30-орынды, Айзада Рымбек 54-орынды қанағат тұтты.
Дәл осы 500 метр қашықтықты 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Екатерина Айдова Қазақстанға алтын медаль сыйлаған еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде