Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлемнің үздік жауынгерлер қатарына енді

ЖАУЫНГЕРФото:Getty images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов әлемдік рейтингте жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол үздік жауынгерлер тізімінде үздік үштікке еніп, өзінің жаңа салмақта да көшбасшы екенін дәлелдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталмыш рейтингтің бірінші сатысына ирландиялық файтер, ауыр салмақта чемпион Уилл Флери жайғасқан. 

Ол жуырда атақты Мартин Будайды нокаутпен жеңген еді. Ал екінші орынға Германия елінің өкілі, орта салмақтағы чемпион Керим Енгизек жайғасқан.

Ал үздік үштікті түйіндеген Жалғас Жұмағұлов бұл жетістігімен ғана шектелмей, 2025 жылдың ең үздік спортшысы атағына үміткер атанды.

Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін Чехия астанасы Прагада өткізді. Ол O2 аренасында өткен айқаста UFC-де топ-15 қатарына кірген тәжірибелі файтер Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, жиырма мыңға жуық жанкүйердің алдында тізе бүктірді.

Қазіргі таңда Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы. Сонымен қатар ол аталмыш дивизион тарихында чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған алғашқы спортшы ретінде тарихқа енді.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 14 Қаңтар, 2026 13:50