Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы әлемнің үш дүркін чемпионымен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қайрат Ахметов "Bellator" тұжырымының чемпионымен грепплинг спорты бойынша жекпе-жекке шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Meta-ratings.kz 

“Қазақ” лақап атымен танылған Қайрат Ахметов ертең Абу-Даби қаласында грепплингтен өтетін “ADXC 6" турнирінде бақ сынайды. Отандасымыз "Bellator" тұжырымы бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Патрик "Пэтчи" Микске қарсы белдеседі. Белдесу жеңіл салмақта, яғни 70 келіде өтеді. Ал турнирдің басты айқасында UFC-дің бұрынғы жауынгерлері Мұхаммад Мокаев пен Рожериу Бонторин арасында белдесу өтеді.
 

Айта кетейік, Патрик 2023 жылы 61 келіде "Bellator" Гран-Приінің чемпионы атанып, 1 миллион доллар жеңіп алған еді. Сонымен қатар, Микс BJJ-дан қара белбеудің иегері. Ал Ахметов үшін бұл грепплингтен дебютті айқас болмақ. 

 

 

Талқылау