Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктер Украинаға заңсыз оқ-дәрі сатты деген күдікке ілінді

оқФото: Қорғаныс министрлігі

Румынияда қазіргі және бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер, болгариялық кәсіпкерлер және қазақстандық шенеуніктер қатысқан болуы мүмкін сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау шықты. Бұл туралы "Экологиялық гвардияның" (Румынияның күштік құрылымы) бұрынғы бас комиссары Октавиан Берчану мен Romtehnica компаниясының директоры Разван Минку мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Europa Libera Romania радиосына берген сұхбатында Разван Минку қазан айының басында Болгария мен Румыниядан келген кәсіпкерлер оған Қазақстаннан оқ-дәрі сатып алу схемасына қатысуды ұсынғанын айтты. Болгариялық кәсіпкерлердің арасында ол Sofia Arm Tech компаниясының иесі Роман Иванов Ангеловты атады.

"Олар маған келісім ұсынды. Біз Қазақстаннан оқ-дәрі аламыз да, кейін оны өздеріне қайта сатамыз деді", - деген Минку Europa Libera Romania (ELR) радиосына берген сұхбатында.

Минкудің айтуынша, бұл топ өздерінің румын саясаткерлерімен байланысы бар екенін ашық айтқан. Алайда ол тек заңды жолмен жұмыс істеуге келіскенін мәлімдеген.

Сол саясаткерлердің бірі Октавиан Берчану болуы мүмкін. Ол Europa FM радиосына берген сұхбатында өзіне Румынияның қорғаныс министрі Ионуц Моштянуға пара беру делдалы болуды ұсынғанын айтқан. Берчану бұл қызметі үшін 10 миллион еуро алуы тиіс болған.

Сыбайластар Қазақстаннан ресейлік үлгідегі оқ-дәрілерді сатып алып, оларды "румындық" етіп қайта таңбалап, кейін SAFE еуропалық қорғаныс қорына сатуы керек болған. Берчану бұл оқ-дәрілердің бір бөлігін Украинаға жеткізер еді.

Бұл схемаға Қазақстан өкілдері де қатысқан болуы мүмкін.

"Мен Қазақстан туралы айтқанда, компанияны емес, мемлекеттік органдарды айтып отырмын", - деген Октавиан Берчану Europa FM радиосына.

Алайда ол қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің ішінен нақты кім бұл іске қатысы болуы мүмкін екенін айтқан жоқ.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 18:22
Талқылау