Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел сапасыз протез үшін мүгедектер бірлестігінен 2 миллион теңгеден аса ақша өндіріп алды

Фото: Ru.freepik.com

Шымкент тұрғыны мүгедектер қоғамдық бірлестігі сапасыз протез бергені үшін олардан 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты мүгедектігі бар әйелдің мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне қарсы материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызын қарады.

Әйел 12 жылдан астам уақыт бойы жауапкерден аяқ протезін алып келген. Алайда 2025 жылы берілген негізгі протез бен қосымша протез екі айдың ішінде жарамсыз болып қалған. Салдарынан денсаулығына зиян келіп, еркін қозғалудан қалған.

“Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Талапкердің алдағы уақытта толыққанды өмір сүруі үшін сапалы протез сатып алуы қажет екенін ескере отырып, 1 064 000 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. Сондай-ақ көрсетілген жағдайлардың салдарынан талапкер күйзеліс, жабырқау және жайсыздық сезімдерін бастан өткергенін  ескерді”, — деп хабарлады Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сөйтіп сот бірлестікті талапкердің пайдасына тағы 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы төлеугі міндеттеді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 08:59