Қазақстандық тұрғын сапасыз кәмпит үшін сот арқылы 250 мың теңге өндіріп алды

Қостанайда супермаркеттен сатып алған кәмпитінен жәндік шыққан тұрғын өндірушіні сотқа беріп, 250 мың теңге ақша өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, биыл қыркүйекте талапкер қаладағы бір супермаркеттен кәмпит сатып алған. Келесі күні қаптаманы ашқанда өнімнен зиянкес, жәндіктер шыққан. Ол билік органына жүгінгеннен кейін кәмпиттердің паразиттермен ластанғаны расталды. Кейін Қостанай қалалық соты азаматша Л-ның ТОО-ға қарсы моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісін қарады.
Талапкер 2 миллион теңге моральдық зиянды өтеуді сұрады. Бұл сома оған тудырған психологиялық күйзеліс, қалшылдау сезімі, уайым мен балалар алдында сапасыз өнім сатып алғаны үшін кінә сезімінің өтеуі. Жауапкердің өкілі сот отырысында тауардың сапасыз болғанын мойындаса да, талап етілген сомаға келіспеді. Себебі айтуынша, денсаулыққа зиян келтірілгенін растайтын дәлел жоқ деп көрсетті. Жауапкер 200 мың теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін айтты.
“Сот сапасыз тауар үшін моральдық зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандырды. Моральдық зиян тауардағы ақаулардан келетін материалдық шығыннан тәуелсіз өтеледі. Іс материалдарына сүйене отырып, сот ТОО-ның сапасыз тауарды сатқаны үшін кінәлі екенін анықтады. Бұл факт жауапкер тарапынан мойындалды. Денсаулыққа зиян келмегенін, кешірім сөздерін және талапкерге ерікті төленген шығынды ескере отырып, сот моральдық зиян мөлшерін 2 миллион теңгеден 250 мың теңгеге дейін төмендетуді орынды деп тапты”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған