Қазақстандық садақшылар Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Таиландта Бангкокта садақ атудан Азия кубогының финалдық бәсекелері өтіп жатыр. Ақтық сында ұлттық құрама садақшылары 3 алтын және 1 қола жүлдені қанжығаларына байлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блокты садақ атудан Қазақстан әйелдер командасынан Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова ел намысын қорғады. Отандастарымыз ақтық бәсекеде Үндістан спортшыларынан басым түсті. Есеп: 229-227.
Ал классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер сапында Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов және Дәулеткелді Жаңбырбайлар мергендік танытты. Шешуші сында спортшыларымыз үндістандықтардан алтынды сарапқа салып, чемпион атанды.
Классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасынан Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова ел мерейін үстем етті. Аруларымыз Қытай құрамасын артта қалтырып, алтыннан алқа тақты.
Тарихи жетістік: Қазақстандық садақшылар алғаш рет Азия чемпионатында топ жарды
Блокты садақтан Қазақстан командасы (микст). Виктория Лян мен Бунёд Мирзаметов кіші финалда Сингапурдан келген қарсыластарынан айласын асырды. Есеп: 152-151.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді