Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"13 сағатта 20 шақырым": Қазақстандық параспортшы Балқаш көлін тоқтаусыз жүзіп өтті

Ақназар Мүтәліп Болқашты жүзіп өтті

Фото: Видеодан скрин

Қарағандылық параспортшы Ақназар Мүтәліпов Балқаш көлін біржағалауынан екінші жағына дейін жүзіп өтіп, 20 шақырымдық қашықтықты 13 сағат ішінде тоқтамай жүзіп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

27 жастағы спортшы 2018 жылға дейін ол теміржол саласында қызмет етіп жүріп, бір қолы мен аяғынан айырылды. Бұл жағдай Ақназардың өмірін түбегейлі өзгертті. 

Бала кезінен суда жүзуге әуес болғанымен, кәсіби спортқа бет бұру жоспары болмаған. Бірақ жарақаттан кейін Балқаш көліне келіп, жүзуді қайта бастайды. Су оған күш-жігер мен сенім берген. Осылайша ол спортты қолға алады: бассейнге жазылып, жаттықтырушымен жүйелі түрде жаттыға бастайды.

Алғашқы жетістігі көп күттірмеді. 2024 жылдың наурызында ол Тараз қаласында өткен жарыста 400 метрге еркін стильде жүзуден параспорт бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы ол Бурабай көлін жүзіп өтіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 2025 жылы Мүтәліпов алдына жаңа мақсат қойды — Балқаш көлін жүзіп өту. 

“Балқашты тоқтаусыз жүзіп өттім. 20 шақырым. Бұл – өзіме және бүкіл әлемге мүмкіндігі шектеулі адамның да шексіз межелерді бағындыра алатынын дәлелдеу еді. Менің мақсатым – тек жүзу ғана емес, адам рухының қандай қиындықты да еңсеруге қабілетті екенін көрсету, – деп жазды параспортшы.

Қазір Ақназар Мүтәліпов Гиннестің рекордтар кітабына өтінім беруге дайындалып жатыр. Ол осы ерекше жетістігін ресми түрде тіркеуді және халықаралық аренада Қазақстанның атынан өнер көрсетуді мақсат етеді.

 

STAN.KZ
Жұма, 18 Шілде, 2025 19:53
Талқылау