Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды
Қазақстандық еркін күрес балуаны Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Olympic.kz
74 келіге дейінгі салмақтағы шешуші белдесуде Нұрқожа Қайпанов қырғызстандық Орозбек Токтомамбетовтен басым түсті.
Күрес 2:1 есебімен балуанымыздың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, өткен жылы Нұрқожа Қайпанов олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатында 70 келі салмақта үздік атанған.
Бір күн бұрын Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген еді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"

