Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық өзіне кездейсоқ 20 миллион теңге аударылғанын білгеннен кейін полициядан бір-ақ шықты

Ақмола облысы Степногорск қаласының тұрғыны банк шотына 20 миллион теңге түскенін білгеннен кейін полицияға жүгінген. Алайда полиция мұндай әрекеттер ауыр құқықтық салдарға әкелетінін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gazetazp.ru

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2024 жылы елордаға келіп, достарымен бірге жұмыс істеген Степногорск тұрғыны біраз уақыт өткен соң өз банк шотына ірі көлемдегі қаражаттың тұрақты түрде аударылып отырғанын анықтаған. Алайда ол бұл туралы тек азаматтық істер бойынша соттан хабарламалар алған кезде ғана білген. Жағдайдың мән-жайын түсіну үшін ер адам полицияға жүгінген.

"Тексеру барысында былтыр оның шотына белгісіз адамдардан шамамен 20 миллион теңге түскені анықталды. Өзі бұл аударымдар туралы білмейтінін айтқан. Алайда бұрын ол өзінің шот реквизиттерін досына бергені белгілі болды. Ер адам бұл мәліметтерді өз қаражатын аудару үшін сұраған. Осылайша, ер адамның шоты басқа тұлғаларға материалдық шығын келтірген схемаға пайдаланылған болуы мүмкін", – делінген полиция хабарламасында.

Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция азаматтарға өздерінің банк шоттарының деректерін тіпті ең жақын адамдарға да беруге болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттер ауыр құқықтық салдарға әкелетінін айтты. Қазақстандық кәсіпкер кездейсоқ банк аударымының кесірінен күтпеген мәселеге тап болды. Транзакция кезінде техникалық қате болып, ақша басқа біреудің шотына түскен. Кейінірек бұл алаяқтық әрекет болғаны анықталды.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда интернет алаяқтықтан келген шығын көлемі артып, жаңа антифрод-орталық алаяқтарға жасалған ақша аударымдарын бұғаттауды бастағанын жаздық. Былтыр бұл орталық 967 миллион теңгені үнемдеп қалды. 2024 жылдың желтоқсанына дейін орталық 11,7 мың алаяқтық әрекетті тіркеді, олардың 65,5%-ы құқық қорғау органдарының араласуымен анықталды. Алаяқтар орталықтың қызметкерлері ретінде өзін таныстырып, жеке мәліметтерді алу немесе күдікті сілтемелерге өтуге шақырып алдауды ұйымдастырады.

Талқылау