Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ауыл мектебін бітірген оқушы әлемнің 36 университетінен шақырту алды

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында ауыл мектебінің оқушысы әлемнің 40-қа жуық үздік университетінен шақырту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты Түркістан облысының әкімдігі хабарлады. Сарыағаш өңірінің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды. Түлек "Халықаралық қатынастар" мамандығын таңдаған. Қазақстандық оқушы қорытынды білім сынағынан 111 ұпай жинаған.

"Ауыл мектебінің оқушысы Ақжүніс Асылханқызы шетелде білім алып, жаңа ортада жат мәдениетпен танысып, білім көкжиегін кеңейту жолын іздеп жүріп, нәтижесінде БАӘ, Түркия, Малайзия, Канада, АҚШ сынды дамыған елдердің университеттеріне құжаттарын тапсырып, 36-дан жолдама алған", – делінген хабарламада.

16 жастағы мектеп оқушысы АҚШ-тың 17, Дубайдың 5, Түркияның 6, Малайзияның 5 университетінен грант жеңіп алып. Ал Канада университетінің бірінен президенттік стипендиямен оқуға шақырту алды.


Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды


ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлек сыйлыққа айфон, ноутбук, теледидар және пәтер алды


Ақжүніс – шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту алған алғашқы түлек. Ол әлемдегі ең мықты университеттердің бірінде білім алуды армандайды және болашақта еліне қызмет еткісі келеді.

Бұған дейін ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушы шетелдің 86 оқу ордасынан шақырту алған еді. 

Айым Болатқызы
Жұма, 23 Мамыр, 2025 10:45
Талқылау