Қазақстандық оқушы 17 мың тоқаш пісіріп, армандағы телефонын сатып алғысы келеді

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Қаражар негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы Ерасыл Қанат армандаған телефонын сатып алу үшін 17 мың тоқаш пісіріп, өз еңбегімен табуға бел буған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыл баласы Ерасыл компьютерлік ойындарды ұнатады, физика мен әлем тілдерін қызығып оқиды. Қазір жасөспірім үйде ата-анасына көмекші, екі қарындасына қамқор аға. Ал кешкі уақытта ол өзінің шағын наубайханасының иесіне айналады.
Ерасыл ата-анасынан телефон сұрамай, оны өз еңбегімен алуды мақсат еткен. Арманын жүзеге асыру үшін ол 17 мың тоқаш сатуы керек. Қазірдің өзінде оқушы күн сайын 50-70 тоқаш пісіреді, кейде 100-ден асады. Кешкісін оларды ауылдағы 5-7 үйге, кейде 10-нан астам отбасына жеткізіп береді. Қазір ол ауыл тұрғындарынан жеке тапсырыстар да қабылдай бастаған. Оның пісірген өнімдеріне сұраныс бар.
Ерасылдың анасы Зура Сапарқызы орыс тілі пәнінің мұғалімі. Оның айтуынша, баласының еңбекқор болуына отбасы тәрбиесі үлкен әсер еткен. Бос уақытында анасы тігін тігумен айналысады, ал әкесі табиғатты, жануарларды және ауыл көріністерін суретке түсіруді ұнатады.
Отбасындағы шығармашылық орта баланың қиялы мен жан-жақтылығын дамытуға ықпал етіп отыр. Ерасылдың мінезі кейде сабырлы, кейде қырсық болғанымен, мейірімді, зерек әрі мақсатшыл бала дейді жақындары. Ол қазір телефон үшін ғана емес, болашақта кәсібін кеңейту үшін жақсы пеш сатып алуды да армандайды.
- Алматыда арбадағы баласымен жаяу курьер болып жүрген ана жұрт жүрегін елжіретті (видео)
-
IKEA компаниясы әлемді елжіреткен Панч есімді маймыл арқылы үлкен табыс тапты
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық оперетта театрының солисі Абзал Ес кейде такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, жолаушыларға жол үстінде опера арияларын орындайды. Оның айтуынша, бұл бастама адамдардың көңілін көтеріп қана қоймай, театр өнеріне қызығушылықты арттыруға көмектеседі.