Қазақстандық мергендер әлем кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді
Қазақстандық спортшылар Үндістанда басталған әлем кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістанның Дели қаласында спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды. Бұл беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған. Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысса, Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады. Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері, былтырғы Әлем кубогінің жеңімпаздары, сонымен бірге әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ. Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.
Айта кетейік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді. Оған тек үздіктерді үздігі қатысады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

